Инфекцияны жұқтырған азамат 24 жаста
Павлодар облысында медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды www.coronavirus2020.kz cайты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 10 сәуір сағат 20.15-тегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус індетіне шалдыққан тағы 6 адам анықталды. Оның ішінде Павлодар облысында — 1 адам.
Павлодар облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, инфекцияны жұқтырған азамат 24 жаста. Ол облыс орталығында жедел жәрдем станциясының фельдшері болып жұмыс істейді.
«Ол коронавирус инфекциясынан қаза болған адаммен байланыс жасаған. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы мен шағымдары жоқ. Онымен байланыста болған 88 тұлға анықталды. Барлығы оқшауландырылды», — делінген ақпаратта.
Соңғы мәлімет бойынша, Павлодар облысында коронавирус жалпы 4 адамнан анықталды.