21 млн теңге пара алған: Алматыда басқарма басшысының орынбасары күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті үй қамағына алынды

Фото ашық дереккөзден

Алматы бойынша cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы» КММ басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шенеунік алаяқтық жасау бойынша күдікке ілінді.

«Алдау арқылы ол аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және ҚТҚ шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасасу сылтауымен 21 млн теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын алған», - делінген Антикордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Күдікті үй қамағына алынды. Тергеу жалғасып жатыр.