Газбен жабдықтау 8 ақпанда сағат 14.00-ге дейін жалғасады
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының газ желілерін пайдалану қызметі Бөгенбай батыр көшесі, 103 мекенжайы бойынша және «Мұзтау» шағын ауданында газдың ағып кетуін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Осыған байланысты, 7 ақпанның кешінен бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Құрманғазы – Панфилов – Қайырбеков – Төле би көшелерінің алаңында 130 көпқабатты үй көлемінде газды тамақ дайындау үшін пайдаланатын және 18 жеке сектордағы үйлерді газбен жабдықтауды тоқтатты. Сондай-ақ, «Мұзтау» шағын ауданында ажырату жұмыстары жүргізілді», - деп жазды ведомстводан.
Газбен жабдықтау 8 ақпанда сағат 14.00-ге дейін жалғасады.