Алматыда заңсыз салынған құрылыс нысаны сүріліп жатыр
Алайда жауапкер апелляциялық шағым түсірді
Алматыда Degirmen кафесіне заңсыз салынған жапсарлас құрылыс сүріле бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әкімдігі қала құрылысын бақылау басқармасы Достық даңғылы, 40/1 мекенжайында орналасқан Degirmen кафесіне жапсарлас құрылыстың сүріле бастағанын хабарлады. Ол сот шешімімен заңсыз деп танылған. Сондай-ақ, тамақтану желісінің нүктесі рұқсат құжаттарынсыз салынған жапсарлас құрылыста орналасқаны анықталды.
«Өткен жылы 19 маусымда Қала құрылысын бақылау басқармасы бұзушылық фактілері бойынша ҚР ӘҚБтК 319, 322-баптарының 1-бөлігі бойынша «Ала кафе» ЖШС-ға қатысты шаралар қабылдады. 2023 жылдың 20 шілдесінде әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жапсарлас құрылысы заңсыз деп тапты, алайда жауапкер апелляциялық шағым түсірді. Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды», - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
Сот шешімін орындау мақсатында бүгін түрік кафесіне жапсарлас құрылысты сүру жұмыстары басталды.