Креслолар қай мекемеге берілгені анықталып жатыр
Қонаев қаласының әкімдігі 1 млн теңгеге жуық қаражатқа екі кресло сатып алған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Желіде тараған мәлімет бойынша Қонаев қаласының әкімдігі 2023 жылдың 11 желтоқсан күні құпия түрде 1 млн теңгеге жуық қаржыға екі кресло сатып алған.
Сондай-ақ, белгісіз себептермен әкімдік қызметкерлері қымбат креслоларды жергілікті БАҚ өкілдеріне көрсетпеген.
Әкімдіктің баспасөз қызметі аталған мәселе бойынша Қонаев қаласы әкімінің аппарат басшысына қатысты қызметтік тексеріс басталғанын жеткізді.
«Креслолар қай мекемеге берілгені анықталып жатыр. Жиһаз қала әкімінің келісімінсіз алынған», - деп хабарлады Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.