ТМД мемлекеттерінің аумағын санитариялық қорғау келісімі ратификацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Фото ашық дереккөзден

ТМД мемлекеттерінің аумағын санитариялық қорғау келісімі ратификацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағын санитариялық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген Ақорда сайтында.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.