Жамбыл облысында мектеп-интернатта балалардың құқығы бұзылған

Облыстық білім басқармасына заңбұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар жолдады

Жамбыл облысында мектеп-интернатта балалардың құқығы бұзылған
Фото ашық дереккөзден

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі өңірдегі интернаттардың бірінен көптеген заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Меркі ауданына жұмыс сапары барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Гранитогорск кентіндегі көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернатында болды.  

«Уәкіл өкілі оқу орнын аралау барысында көптеген заңбұзушылықты анықтады. Мәселен, мұнда ішкі бейнебақылау камералары жазылмағаны, күнделікті тамақ үлгілері толық сақталмағаны, білім алушылар жатқан бөлмелер қажетті жиһазбен жабдықталмағаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мектеп-интернаттың жатақханасы тиісті талаптарға сай емес.

Іссапар қорытындысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі облыстық білім басқармасына анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар жолдады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.