$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Батыс Қазақстанда ауыл педагогтарына 250 млн теңге үстемеақы төленбеген

Заң бұзғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Батыс Қазақстанда ауыл педагогтарына 250 млн теңге үстемеақы төленбеген
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысындағы ауыл педагогтарына 250 миллион теңге үстемеақы төленбеген. Мұндай заңсыздықтар Сырым ауданындағы балабақшалар мен мектептерде анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24kz арнасына сілтеме жасап.

Коррупцияға қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша, 3 жылда 1200-ге жуық білім саласының қызметкері тиісті төлемақыларынан қағылған. Олардың жалақысына 10 пайыздық үстеме қосылуы тиіс болған. Заң бұзғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақының 10 пайызы мөлшерінде үстемеақы белгілеу қажет. Алайда Сырым ауданының білім бөлімі 2020-2023 жылдар кезеңінде 26 білім беру ұйымының 1195 қызметкеріне осы үстемеақыны төлемеген. Департаменттің араласуынан кейін білім бөлімі тарифтік тізімге өзгеріс енгізіп, жалақы қайта есептелді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Мұратбек Қасымов.

Серіктес жаңалықтары