$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұман, жел, көктайғақ: Қазақстанда бүгінгі күн райы қандай болады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Тұман, жел, көктайғақ: Қазақстанда бүгінгі күн райы қандай болады
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Синоптиктер 6 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде әлі де солтүстік-батыс циклон жырасы және соған байланысты атмосфералық фронттар әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Тек еліміз аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде) жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Оңтүстіктен соғатын желдің күші 9-14, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 3-5°C аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7°C аяз, күндіз 2-4°C жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 8-13 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 1°C аяз-1°C жылы, күндіз 11-13°C жылы болады.

Серіктес жаңалықтары