Қазгидрометтің хабарлауынша, тұрақсыз ауа райы сақталады
6-8 ақпанда солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігі жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Солтүстік өңірлерге қалың қар жауып, оңтүстік өңірлерге жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады. Сондай-ақ желдің күшеюі мен тұман күтіледі», - делінген хабарламада.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.