02.02.2024, 11:58
Жаңалықтар
Еліміздің үш облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ» баспасөз қызметі хабарлады
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 3 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ» баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда:
Жамбыл облысында – 2 учаске:
- «Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі а. – Түркістан обл.шек. – 59 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады;
- «Алматы-Ташкент-Термез» 159-476 км, Кенен а. – Ақшолақ а. – 317 км. Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді (бұрқасын, шектеулі көрініс);
Жетісу облысында – 1 учаске:
- «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс).
Түркістан облысында – 1 учаске:
- 1. «Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Жамбыл обл. шек.- Машат к. – 59 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).
Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 893 бірлік арнайы техника және 1145 жолшы жұмылдырылды.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады