Бұл туралы «ҚазАвоЖол» баспасөз қызметі хабарлады
Еліміздің бес облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді.
«Шектеулер Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Ұлытау облыстарындағы республикалық маңызы бар жолдардың учаскелеріне қойылды», - делінген хабарламада.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 621 бірлік арнайы техника және 1096 жолшы жұмылдырылды.