$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін - Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні

Бұл күн өткен жылдың қарашасында кәсіби меркелер тізіміне енгізілді

Бүгін - Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні
Фото ашық дереккөзден

1 ақпан күні республика бойынша Азаматтық авиация күні аталып өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл мерекемен сала мамандарын Көлік министрі Марат Қарабаев құттықтады.

«Азаматтық авиация саласы отандық көлік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі іспеттес. Осы ретте аталған кәсіби мереке Қазақстанның Азаматтық авиация саласы ардагерлерінің бастамасымен бекітілгенін атап өткен орынды. Бұл игі бастама саланы дамыту мен одан әрі нығайту, еліміздегі авиация мамандарының патриоттық рухын көтеру жолындағы маңызды тарихи қадам болып отыр. Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық авиация саласы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында аталған сала әлемдік қоғамдастықта өзінің лайықты орнын иеленіп отыр. Атап айтқанда, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоғары деңгейде, саладағы негізгі көрсеткіштер мен жерүсті инфрақұрылымы жылдан жылға жақсарып келеді. Құрметті сала ардагерлері, әріптестер, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге амандық-саулық, мұқалмас мықты денсаулық тілеймін! Сәттілік серік болсын!», - деді министр.

Еске салайық, 1991 жылы 1 ақпанда Алматы әуежайында Авиациялық қауіпсіздік қызметі құрылған болатын. Ал 2019 жылы Авиациялық қауіпсіздік қызметінің шешімімен 1 ақпан Авиациялық қауіпсіздік қызметінің ардагерлері мен қызметкерлерін ұлықтау күні болып белгіленді.

Ресми деректер бойынша, Қазақстандағы әуежайларда (әуеайлақтарда), әуекомпаниялар мен «Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК авиациялық қауіпсіздік қызметінде 3 мыңнан астам жұмыс істейді.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары