Алматы полициясы қаңтар оқиғасы бойынша тәркіленген қару-жарақтың жоғалғанын жоққа шығарды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция қару-жарақтың жетіспеу дерегін анықтады

Фото: Brett Hondow/Pixabay

Алматы қаласының Полиция департаменті 2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысты істер бойынша тәркіленген қару-жарақтардың жоғалғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тексеріс барысында департаменттің өзіндік қауіпсіздік Басқармасы 2023 жылы қылмыстық істер бойынша тәркіленген қару-жарақтардың, сондай-ақ оларды кері сатып алу науқаны аясында тұрғындар тапсырған қарулардың жетіспеу дерегін анықтады.

Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.