Елде вирустың таралу қарқыны бәсеңдей бастады
Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 16 129 адамды құрады деп жазады РИА Новости. Елде 461,4 мың адам COVID-19 вирусын жұқтырған.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп елде ауру таралу көресткіші шарықтау кезеңіне жеткенін хабарлаған болатын.
«Біз қазір бұл шыңына жеттік, мен сенімдімін. Кейбір көрсеткіштер бойынша төмендеу бар, қазір бұл процесс басталып кетт», - деді АҚШ президенті журналистерге берген сұхбатында.
Вице-президент Майк Пенстің сөзінше вирус кең таралған аймақтарда қазір таралу қарқыны айтарлықтай бәсеңдеген. Мысал ретінде ол Нью-Йорк, Денвер қалалары мен Луизиана штатын атап өтті.