Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 6 пациенттің жағдайы жақсарды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар реанимациядан қалыпты бөлімшеге ауыстырылған

Қазақтан бойынша барлығы 6 науқас реанимациядан бейінді бөлімшеге ауыстырылды: Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Алматы қаласында - 2 адам, Шымкентте - 1 адам,  Қарағанды облысы бойынша - 2 адам, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Дәрігерлер науқастардың жағдайының жақсарғанын және қарқынды терапия қажет емес екенін атап өтті.