26.01.2024, 16:50
Жаңалықтар
Газада қаза тапқан палестиналықтар саны 26 мыңнан асты
Сондай-ақ 65 мыңға жуық адам жарақат алған
2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 26 083-ке жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған.
Хабарламаға сәйкес, 64 487 адам жарақат алған.
«Тек соңғы 24 сағат ішінде 183 палестиналық Израиль шабуылдарының құрбаны болды», - деп хабарлады Палестина билігі.
Айта кетсек, соңғы 24 сағат ішінде Израиль күштері эксклавтың тұрғын аудандарына 19 рет шабуыл жасаған. Көптеген палестиналық әлі күнге дейін қираған ғимарат қирандыларының астында жатыр. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары оларға жете алмай, кедергілерге тап болып отыр.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
