Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды
Атырау облысында 9 қаңтарда жоғалған 39 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 24 қаңтарда ер адам өлі күйінде табылған.
«Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру жұмыстары кезінде Ақкиізтоғай ауылы маңынан қайтыс болған ер адамның мүрдесін тапты. Тексеру кезінде оның 9 қаңтарда жоғалған 1985 жылғы екені анықталды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.