$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Анасы жазаланды: 9 жастағы бала екі жыл бойы жалғыз тұрып келген

Жеткіншек әлеуметтік мекемеге тапсырылды

Анасы жазаланды: 9 жастағы бала екі жыл бойы жалғыз тұрып келген

Францияның оңтүстік-батысындағы Нерсак қаласының тұрғыны тоғыз жастағы ұлын жалғыз қалдырғаны үшін 18 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

CNN агенттігінің жазуынша, бала 2020 жылдан 2022 жылға дейін қолына түскен консерві, печенье қалдығын жеп, көкөніс ұрлап күн көріп келген.  

Белгілі болғандай, оның анасы бес шақырым қашықта тұратын көңілдесінің үйіне көшіп кеткен, ал баласына анда-санда ғана барып тұрған. Жеткіншек жылудан ажыратылған суық пәтерде, ыстық сусыз, жалғыздан жалғыз күн кешіп жүрген. Соған қарамастан, осы уақыт бойы мектепке үзбей барып, тіпті жақсы оқып жүрген көрінеді.

Нерсак мэрі Барбара Кутурье 2022 жылдың мамырында әлдебір әйелдің көмек сұрағанын, бірақ жүріс-тұрысы күдікті болып көрінгенін айтады.

«Тұрғындар оның жалғыз тұратын баласы туралы айтты. Мен дереу тексеру жіберіп, полиция шақырттым», - дейді ол.

Артынша бала әлеуметтік мекемеге тапсырылды.

Жақында әйелге сот үкімі шығып, 18 айға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары