Ауа райына байланысты Жетісу облысында жол бөлігі жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Шектеу көліктің барлық түрі үшін енгізілді

Коллаж: Azattyq Ruhy

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысында жол бөлігі жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлауынша, «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі аралықта көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Қазіргі кезде республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 636 бірлік техника және 1312 жолшы жұмылдырылды.