Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Автор: Azattyq Rýhy

Президент сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізеді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады.

Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.