Атырау облысында заң бұзған теміржол компаниясына 75 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Прокуратураның ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 159-бабы 3 және 3-1-бөліктері бойынша іс қозғалды.
Атырау облысында монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін теміржол компаниясына айыппұл салынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті көлік прокуратурасымен бірлесіп, «Batys Trans Group» ЖШС-не тексеру жұмыстарын жүргізіп, монополиялық жоғары бағаларды белгілеуде, қолдауда және әртүрлі бағаларды не тең мәнді келісімдерге әртүрлі шарттарды қолдануда монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісін анықтады.
Прокуратураның ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 159-бабы, 3 және 3-1-бөліктері бойынша іс қозғалды.
Істі қарау қорытындысы бойынша, Атырау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы мамандандырылған сотының қаулысымен «Батыс Транс Групп» ЖШС құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компанияның монополиялық кірісі 52 миллион теңгеден астам тәркіленіп, 23 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.