Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді
Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты қалалық білім басқармасы мәлімдеме жасады. Басқарманың хабарлауынша, 23 қаңтар күні қаладағы мектептер мен колледждердің бірінші ауысымындағы сабақтар болмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қала мектептері мен колледждерінде түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істеуіне байланысты, 23 қаңтар күні Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды. Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді, балаларды әкелу - ата-аналардың қалауы бойынша», - делінген хабарламада.