Тұрғындар үрейлі: Алматыда жер сілкінді

Автор: Azattyq Rýhy

Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде сезілді

Фото ашық дереккөзден

Алматыда жер сілкінді. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ресми мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.

Алматы тұрғындары үрейленіп, үйінен көшеге, далаға шығуда.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеген. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болған. 

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.

Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде сезілді.