Өңір экономикасын демонополизациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр
Атырауда АМӨЗ серіктестеріне 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыс прокуратурасы өңір экономикасын демонополизациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Joint Technologies» ЖШС-нен «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС үлесінің 50% сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 млрд теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді, - делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін Парк сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге 50% үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын.