Қолайсыз ауа райына байланысты үш облысты жолдар жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Автожолдарды күтіп-ұстау үшін 373 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр

Коллаж: Azattyq Ruhy

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Жамбыл облысында -1 учаске

  • «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) - 79 км.

Жетісу облысында - 1 учаске

  • «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. - Достық ст. - 100 км.

Батыс Қазақстан облысында - 2 учаске

  • «Орал-Тасқала-РФ шек», 4-104 км, Орал қ.- РФ шек. - 100 км.
  • «Самара-Шымкент» 195-246 км, РФ шек-Орал қ. – 51 км.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау үшін 373 бірлік арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылды.