Бұл туралы «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі хабарлады
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысы нда бірнеше жол бөлігінде жол қозғалысына шектеу қойылы, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі хабарлады.
«19 қаңтарда сағат 11.00-дегі ахуалға сәйкес, «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының 84-184 км, Көктұма станциясынан – Достық станциясына дейінгі аралықта көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді», - делінген хабарламада.
Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 132 бірлік техника және 170 жолшы жұмылдырылды.