$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҚР тұңғыш дербес бітімгершілік контингенті Голан биіктеріне бағытталады

Бітімгерлік миссиясына қатысатын әскерилер наурыздың басында аттанады

ҚР тұңғыш дербес бітімгершілік контингенті  Голан биіктеріне бағытталады

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне баратын әскерилер жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ең алдымен Қазақстанға дербес бітімгерлік миссиясының берілуі біздің елдің әлемдік аренадағы беделін көрсетеді. Бұл Қрулы Күштердің атқарып жатқан қызметін де көрсетеді. Алғаш рет Голан биіктігінде жүзеге асыратын дербес бітімгерлік миссия болмақ. Ротаның құрамына 139 әскери қызметші кіреді. Әскерге шақырылған сарбаздардың оның ішінде жоқ. Тек қана кәсіби әскерилер мен келісімшарттағы офицерлер, олардың барлығы толық оқытудан өткен. Халықаралық заңнама бойынша барлық бітімгерлік қызмет БҰҰ ұйымының тәртібі бойынша базаланады», - деді Руслан Жақсылықов.

Министр атағандай, құрылымды қамтамасыз ету бойынша талаптар орындалды.

«Халықаралық комиссия келіп тексеріп, рұқсат берді. Олар дайындықты өте жоғары бағалады. Бітімгерлікке іріктелген әскерилер жоғары моральдық-іскерлік қасиеті бойынша таңдалды. Ол денсаулық жағдайы, әскери тәртіп, әскери қызметші ретінде жеке дайындығы, тілді білу дәрежесі мен заңнамалық қабылдауы да бар», - деді Руслан Жақсылықов.

Оның айтуынша, бітімгерлік қызмет бір жылға созылады.

«Бұл қаражаттың барлығы бюджетке салынған. Қару-жарақ, оқ-дәрілер мен техниканы тасымалдауға қосымша қаражат салынды. Шамамен 8 миллион доллар кетеді. Жылына әрбір әскери қызметші ай сайын 1 мың доллардан(451 мың теңге)  астам табыс табады», - деді Жақсылықов.

Серіктес жаңалықтары