Бүгін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде қар жауады
Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның барлық өңірінде күн суытады деп болжам жасады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Атлантикалық циклонның әсерінен еліміздің солтүстігінде жаңбырдың соңы қарға ұласып, екпінді жел соғады.
«9 сәуірде республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын түсіп, жаңбыр соңы қарға ұласады. Ал циклон артынан Мәскеу аудандарынан суық антициклон ығысады, ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.