Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 141 адам, 50 техника, 1 кинологиялық есептоп және 2 дрон жұмылдырылды
«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстарының орнында техникамен автобус құлаған жерге өту үшін бағаналық жолды кеңейту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 ауыр техника тәулік бойы жұмыс істеуде. Жұмыс барысында барлығы 180 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.
«Жұмыстар барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілуде. Шұңқырдың ортасына жақындаған кезде, үйінді топырағынның сырғуына байланысты қауіп бар. Топырақтың жылжуын уақтылы анықтау үшін құлау аймағына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 141 адам, 50 техника, 1 кинологиялық есептоп және 2 ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) жұмылдырылды», - делінген хабарламада.