2023 жылғы қарашада есепке 157,9 мың бірлік автокөлік құралы қойылды
Елімізде жеңіл автомобильдер саны 1,5 есеге көбейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy
Көлік статистикасының мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артық. Мәселен, автобустар 1,9 есеге, жүк көліктері 1,3 есеге және жеңіл автомобильдер саны 1,5 есеге артқан.
Осылайша, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 260,6 мың бірлікті құрады
Оның ішінде:
88% - жеңіл автомобильдер
9,9% - жүк автомобильдері
2,1% - автобустар