Қазақстандағы бәсекелестіктің бәсеңдеу себептері айтылды

Автор: Azattyq Rýhy

Тауар нарығында бәсекелестік жағдайына талдау жасалды

Фото: gov.kz

2023 жылғы тауар нарықтарында бәсекелестік жағдайының талдаулары жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бәсекелестік саясатты іске асырудың негізгі құралы саналатын жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.

Агенттік мәліметінше, 2023 жылы электр энергиясы, газ, көмір, шикі мұнай, байланыс, телекоммуникация, цифрлық платформалар, ипотекалық несиелеу және желілік бөлшек сауда салаларын қоса алғанда, 16 тауар нарығына талдау жүргізілді.

Тауар нарықтарын реттеуді жоюды, артық құқықтарды жоюды, ресурстар мен инфрақұрылымға бәсекеге қабілетті қолжетімділікті қамтамасыз етуді, мемлекеттік инфрақұрылым операторларын шектес нарықтардан шығаруды көздейтін ұсынымдарды іске асыру бірлескен Жол карталарын қабылдау арқылы жүзеге асырылатын болады.

«Сондай-ақ, талдау нәтижелері бойынша жасалған қорытындылар ұялы байланыс қызметтері, цифрлық платформалар, астық вагондарын жалға беру, азық-түлік тауарларын өткізу және монополияға қарсы ден қою шаралары қолданылатын сауда желісінің нарықтарының ірі қатысушыларының монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін көрсетілген», - делінген хабарламада.

Талдау нәтижелері және оларды жариялау кестесі туралы толығырақ ақпаратты агенттіктің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желідегі аккаунттарында білуге ​​болады.