Жетісу облысында өткен екі тәулікте қардан 39 адам құтқарылып эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

15 жүргізуші эвакуациядан бас тартып өз автокөліктерінде қалды

12 және 13 қаңтар ауа райының қолайсыздығына, нашар көріну жағдайына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» автожолында қарлы боранда 49 автокөлік, оның ішінде 42 жүк көлігі қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД күштерімен қар құрсауынан Достық және Көктума станциясына 39 адам, оның ішінде 15 Беларусь Республикасының азаматы құтқарылды. 

15 жүргізуші эвакуациядан бас тартып өз автокөліктерінде қалды. Жүргізушілердің айтуынша, оларда апталық ЖЖМ және азық-түлік қоры болған.