Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларымен 5 700-дей автобус жабдықталған
Заң мен құқықтық тәртіпті, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға мүлдеу төзбеуді қамтамасыз ету мәселесі ІІМ-нің жіті назарында. Жыл басынан бері ішкі істер органдарымен 140 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар қоғамдық көліктегі бұзушылықтардың жиіленуіне байланысты министрлікпен ел аумағында «Тасымалдаушы» рейдтік профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Шараның негізгі мақсаты – жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«Осы мақсатта полиция көліктік кәсіпорындардың басшыларымен кеңестер өткізді, онда автобустарды бейнебақылау камераларымен, 102 каналына шығатын дабыл нүктелерімен жабдықтау мәселелері көтерілді. Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларымен 5 700-дей автобус жабдықталған, оның 900-інде бейнені онлайн-қарау мүмкіндігі бар», – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.
Профилактикалық іс-шараның бірінші күні қоғамдық көліктерде жасалған 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:
Қоғамдық көліктерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады. Осыған байланысты полиция азаматтардан қандай да бір құқық бұзушылықтың куәгері болған жағдайда дереу 102-ге хабарлауды сұрайды.