12.01.2024, 22:23
Жаңалықтар
Жетісуда деструктивті діни ағымның жақтаушысы есірткімен ұсталды
Қазір есірткіні заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Бейнеден кадр
Жетісуда деструктивті діни ағымның жақтаушысы есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу полицейлері облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Талдықорғанның 33 жастағы тұрғынын ұстады.
Ұсталған адамға тиесілі автокөліктің жүксалғышында өсімдік тектес зат салынған пакет табылып, тәркіленді.
«Ер адамның деструктивті діни ағымның жақтаушысы екені белгілі. Қазір есірткіні заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.
Жүргізілген сараптама тәркіленген заттың салмағы 2 кг 722 грамм марихуана екенін көрсетті.
Көп оқылған
04.09.2026, 09:48
Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО)
04.09.2026, 12:42
Мойнына қалың сым орап, мәйітін каналға тастаған: Қызылордада қылмыскер 20 жылға сотталды
04.09.2026, 20:18
Түнде -2°C-қа дейін үсік, жаңбыр мен найзағай: 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы