Қарлы боран, тұман, жел: Астанада және 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Кей өңірлерде қатты жауын-шашын болады

Фото: gov.kz

Бүгін, 11 қаңтарда Астанада және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада түнде қарлы боран соғады. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 18-23 м/с болады.

Алматыда күндіз тұман. 

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көктайғақ, қар жауады, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 15-20, 23-28 м/с болады. Ауа температурасы күрт төмендеп, түнде -2+3°, облыстың солтүстігінде -5-10°, күндіз +1+6°, облыстың солтүстігі мен батысында -2° градус болады.

Шымкентте таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды.