Еуропада коронавирус тарап жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде тұмауды жұқтыру көрсеткіштері де артқан

Фото ашық дереккөзден

«Қарт құрлықта» коронавирус пен тұмау тарап жатыр. Сондықтан Еуропадағы аурулардың алдын алу және бақылау орталығы тұрғындарға науқастанса үйде қалуға кеңес берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аймақтық ұйым көпшілік жиналған жерлер мен денсаулық сақтау мекемелерінде маска тағу мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.

Ал Испанияның Каталония, Валенсия сияқты бес провинциясының ауруханалары мен клиникаларына маскасыз кіруге тыйым салынған, деп жазады qazaqstan.tv.