Бразилияда ірі жол апатынан 25 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қаза тапқандар арасында балалар мен жүкті әйелдер де бар

Бразилияның Баия штатында туристік автобустың жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан кемінде 25 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

G1 порталының хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында балалар мен жүкті әйелдер де бар.

«Жол-көлік апаты салдарынан жүк көлігінде келе жатқан 3 адам және автобуста болған 22 адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алды», - делінген хабарламада.

Апаттың себептері әлі анықталған жоқ.

Автобус жолаушыларының Жакобинадағы мұхит сапарынан қайтып келе жатқаны хабарланды.

Қалада үш күндік қаралы күн жарияланды.