«Жауын-шашын мөлшері де нормадан көп күтіліп отыр»: министр қаңтар мен ақпандағы ауа райы жайлы

Автор: Аманалина Тоғжан

5 өңірде 70%-ға дейін қар түсуі мүмкін

Фото: xabardor.uz

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінде айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қолда бар бір жарым мыңнан астам гидротехникалық құрылыстардың үш жүзге жуығы ықтимал қауіп төндіреді, олардың көпшілігі халықты жергілікті құлақтандыру жүйелерімен жабдықталмаған. Бұл ретте ТЖМ тарапынан санатталған 76 гидротехникалық құрылым ғана тексерілуіне жататынын атап өткен жөн. Осыған байланысты Су ресурстары және ирригация министрлігі мен әкімдіктер гидротехникалық құрылыстарды жергілікті құлақтандыру жүйелерімен жабдықтауы қажет», - деді Шәріпханов.

Министр атағандай, су тасқынына дайын болмау салдарынан толып кету және олардың бұзылуы салдарынан жолдарды су басу проблемасы туындайды, атап айтқанда көлік қозғалысының үзілуіне және жекелеген елді мекендердің оқшаулануына әкеледі.

«2023 жылдың желтоқсанында және осы жылдың 1 қаңтарында Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының автожолдарының шайылуы мен көшелердің су басуының 2 фактісі тіркелгенін атап кеткім келеді. Осыған байланысты, Көлік министрлігі әкімдіктермен бірлесіп автомобиль жолдарын жобалау және жөндеу кезінде жаңа жолдарды құруды немесе қолданыстағы су өткізу құрылыстарының өткізу қабілетін арттыруы қажет», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазгидрометтің алдын ала болжамына сәйкес, еліміздің көптеген өңірлерінде қаңтар және ақпан айларында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2°С жоғары болады деп болжанып отыр.

«Жауын-шашын мөлшері де нормадан көп күтіліп отыр. Бұл ретте 5 өңірдегі аумақтардың қардың түсуі 70%-ға дейін, 12 өңірде 90%-дан астам болуы мүмкін.Сондықтан, оңтүстік өңірлерге өткен жылғы ақпан айындағы су тасқынын ескере отырып, ал солтүстік өңірлерге желтоқсан айында (7-ден 15-ке дейін) температураның күрт төмендеуіне және қар жамылғысының болмауына байланысты топырақтың терең қату ықтималдығы бар, осыған орай осы өңірлерге қазірдің өзінде жоғары дайындық режиміне өтуі керек», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ