Ведомство өкілдері азаматтарды қырағы болуға шақырды
Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы әлеуметтік желілерде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнаманы анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы прокуратурасының хабарлауынша, бейнежазбада азаматтарға іске қосылған жаңа мемлекеттік «ҚазМұнайГаз» платформасына қаржы салып, 100 мың теңгеден дивиденд алуды ұсынады.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты прокуратура азаматтардан тағы да қырағы болуды және жасырынған қаржы пирамидасы болуы мүмкін түрлі ойдан шығарылған жарнамаларға бой алдырмауды сұрайды», - делінген ведомство хабарламасында.
Өз кезегінде құқық қорғау органдары заңсыз инвестициялық ұйымдардың қызметін анықтау және жолын кесу шараларын қабылдап жатыр.