Жас мамандарды баспанамен қамтуға да қаражат бөлінді
Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту, сондай-ақ Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру жөніндегі заң жобалары әзірленетін болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 500 ауылда 178,9 млрд теңгеге 1400 жобаны іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, «дипломмен ауылға» жобасы бойынша 2024 жылы 3,7 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 30 млрд теңге қарастырылған.
«Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды бюджеттеу кезінде неғұрлым икемді тәсілдерді қолдану және инфрақұрылымдық жобалар үшін сатып алу мерзімдерін оңтайландырукөзделген. Түркістан қаласының Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде қалыптастыру, дамыту және оның жұмыс істеу үшін құқұқтық және ұйымдастырушылық жағдай жасау жоспарланған. Моно және шағын қалаларды дамыту үшін 2024 жылға 8 моно және 9 шағын қалада 29 жобаны іске асыруға 21,2 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 370-ке жуық жұмыс орнын құру, 48 км автомобиль жолдарын модернизациялау, 32 км инженерлік желілерді модернизациялау көзделген»,- делінген хабарламада.