Президент спортшының жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Брисбен турнирінде жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді», - деп жазды Берік Уәли.
Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакинаның Брисбен турнирінің жеңімпазы атанғанын хабарлаған болатынбыз.