Аталған жағдайды Талдықорған қаласының полиция басқармасы растады
Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы жеке үйлердің бірінде екі адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Krisp.tdk Instagram-парақшасында жарияланды. Онда оқиғаның Талдықорған қаласы, Ақбастау көшесінде болғандығы жазылған.
Аталған жағдайды Талдықорған қаласының полиция басқармасы растағанымен, оқиғаның мән-жайы айтылған жоқ.
«Жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті.