Абай және Жетісу облысындағы республикалық жолдардың 3 учаскесінде қозғалыс шектелді

Автор: Azattyq Rýhy

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады

Фото ашық дереккөзден

Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

 Абай облысында — бір учаске:

«Алматы-Өскемен» тасжолының 615-683 шақырым аралығы, Жетісу облысы шекарасынан Таскескен ауылына дейін.

Жетісу облысында — 2 учаске:

«Үшарал-Достық» автожолының 84-184 шақырым аралығы, Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін — 100 км;

«Алматы-Өскемен» автожолында 557-615 шақырым аралығы, Үшарал қаласы — Абай облысының шекарасы, 58 км.

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.

Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 391 техника және 686 қызметкер жұмылдырылған.