«Басым бөлігі Ресей мен Беларусь елінің азаматтары бар»: Жетісуда қар құрсауынан 48 адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір Үшарал-Достық бағытындағы жол жабық

Жетісу облысында қар құрсауында қалған 48 адам құтқарылды. Үшаралдан Достыққа қарай бағыт алған жүк көлігінің жүргізушілері Теректі аймағында қалып қойған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24KZ-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен төтенше жағдай мамандары тауар тасымалдаушыларды Достық станциясына жеткізді. Тексере келе 40 адам Ресей және Беларусь елінің азаматы екені анықталды. Қалған 8-і қазақстандықтар. Айта кетейік, қазір Үшарал-Достық бағытында боран соғып тұр. Осыған байланысты жол жабылды.