04.01.2024, 12:29
Жаңалықтар
Ресейде жынысы белгісіз алты бала дүниеге келді
Олардың сыртқы және ішкі жыныс мүшелері әйелге де, ер адамдыкіне де сәйкес келмейді
Фото ашық дереккөзден
Ресейде жынысы белгісіз балалар дүниеге келді. Тюмень облысында 2023 жылы жынысы белгісіз алты бала дүниеге келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Яғни, мутация салдарынан дүниеге келген нәрестелердің сыртқы және ішкі жыныс мүшелері әйелге де, еркекке де сәйкес келмейді. Дәрігерлердің хабарлауынша, мұндай балалардың жынысын хирургиялық жолмен түзетуге болады. Алайда, жынысты нақтылау үшін генетикалық зерттеу жүргізу қажет.
Жынысы белгісіз балалар бұған дейін де анықталған. Басылымның мәліметінше, 2022 жылы мұндай диагноз үш балаға, 2021 жылы екі балаға қойылған.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды