$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шетелдіктер бұдан былай Қазақстанда туристік алым төлемейді

Былтыр шетелдік туристердің саны 225 мың адамға көбейген

Шетелдіктер бұдан былай Қазақстанда туристік алым төлемейді
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұдан былай шетелдік турситер алым төлемейді. 

«ҚР Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 бұйрығымен шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Қазақстанның бүкіл аумағында нөлдік мөлшерлеме қолданылатын болады. Өзгерістер осы жылдың 9 қаңтарында қолданысқа енгізіледі», - делінген министрлік таратқан мәлімдемеде.

2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 5,4 миллион адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 552 мың адамға көп. Шетелдік туристер саны 225 мың адамға өсіп, 835 мыңды құрады.

Серіктес жаңалықтары