Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Рустам Баялиев ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Ерлан Сапарұлы Оразбайдың ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылғанын хабарлаған болатынбыз.