Коронавирусқа шалдыққан бір адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды - Біртанов

Автор: Azattyq Rýhy

Шетелден оралған азамат туған күн тойлап, қонақтарына жұқтырған

Фото: Forbes.kz сайтынан

Денсаулық сақтау министрлігінің өтінішімен коронавирус жұқтырған бір азаматқа қарсы қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Елжан Біртанов Forbes-қа берген сұхбатында мәлімдеді.

«Аталған азамат Мәскеуден ұшып келді, онда ол ауру адаммен байланыста болған. Ұшып келген соң, оқшауланудың орынана, туған күнін тойлап, банкет жасаған. Қонақтардан індетке шалдыққан адаммен байланыста болу фактісін жасырған. Нәтижесінде бірнеше адам ауруға шалдыққан. Қазір бұл адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды", - деді министр.