29.12.2023, 22:02
Жаңалықтар
Көкшетау-Астана тасжолында қалып қойған 200-ден астам адам пойызбен эвакуацияланды
Пойыз бригадасы жолаушыларға қажетті көмекті көрсетті
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Қолайсыз ауа райына байланысты Көкшетау-Астана тасжолы жабылды. Салдарынан 200-ден астам адам жолда қалып қойған. Олар Ақкөл стансасынан эвакуацияланып, № 6830 пойызымен елордаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пойыз бригадасы жолаушыларға қажетті көмекті көрсетті.
«Жаңа жыл қарсаңында ауа райының қолайсыздығына қарамастан теміржолдағы пойыз бригадасының бүкіл қызметкерлері жолаушы пойыздарының қозғалысын қамтамасыз етіп, тасымал кезінде барлық жағдайды жасап жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады